Алматыда заңсыз құмар ойын ұйымдастырғандарға жаза кесілді

1580
Adyrna.kz Telegram

Заңға қайшы кәсіптен нәсіп тапқысы келген алты азаматтың ойыны осылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Олар шаһардағы моншалардың бірінде «көлеңкелі» іспен айналысқан.  «Покер» ойынын ұйымдастырған 6 адам 20 млн теңгеден астам табысқа кенелген.

Жедел іздестіру кезінде казино ішінде ойыншылар мен мекеме қызметкерлері болды. Одан бөлек фишкалар мен өзге да атрибуттар табылды. Сонымен қатар ойынханада тек тексерілген клиенттерді ғана өткізу жүйесі орнатылғаны анықталды. Сот айыпталушыларды түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

 

Пікірлер