Шығыс Қақастанда тілсіз жаумен күрес жалғасуда

1668
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысының  бірнеше ауданында ірпі дала өрті орын алды, деп хабарлайды  « Адырна» тілшісі.

Өңірлік  төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Күршім ауданында дала өртінің аумағы 1300 гектарды құрап отыр.

алайда, жақын орналасқан елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ.

Өртті сөндіруге барлығы 270-ке жуық адам мен 34 техника жұмылдырылған.

«Алтай ауданы «Зырян» орман шаруашылығы және «Быков» орманшылығын шарпыған қызыл жалынның жалпы ауданы 800 гектарға жетіп отыр. Суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылған. Әуеден 12 тоннадан астам су төгілді. Бүгін өрт орнына ҚР Қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшағы мен Семей қаласындағы №68303 әскери бөлімінің қызметкерлері көмекке келмек», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, Катонқарағай ауданы Алтынбел ауылынан 12 шақырым жерде «Үлкен нарын» орман шаруашылығында бұта мен шөп жанып жатыр. Алдын ала дерек бойынша оттың жалпы ауданы – 1200 гектар. Тілсіз жаумен күреске 280-нен астам адам мен 24 техника тартылды. Өрт орнында жедел штаб құрылды.

 

Пікірлер