"Аватар ескерткіші іспетті": жаңа ашылған Ақселеу Сейдімбектің ескерткіші жұрттың шамына тиді

2541
Adyrna.kz Telegram

Журналист Нурадин Ракай өзінің әлеуметтік желісінде Ақселеу Сейдімбектің құрметіне ашылған Ұлытаудағы жаңа ескерткіштің ұсқынына қатысты пікір білдірді, деп жазады "Адырна".

Көпшіліктің ашуына тигені, ескерткіштің мүлдем ұқсатылмай, мазақ еткендей салынғаны.

"Аватарға ескерткіш ашылды ма десем. Ақселеу деп жазылып тұр.
Әшейінде мақұлдауы қиын министрлік мынаған қалай рұқсат берген? мынаның қасында Меркіде Кенесары ханға қойылған ескерткіш мың есе дұрыс еді. Ойбай, ұят деді, анау деді мынау деді. Қырғызға көршілес ауданға қою саяси қателік деді. Әйтеуір алдыртып тастап еді. Мына Аватарды алып тастау керек.
Тізесі бір қарыс, ана қолындағы таяққа сүйенсе тоңқалаң асады ғой)
Қазақтың беипіл сөздері деген кітапты білесіздер. Сонда әлгі тақуаға дәрет су берген жігіт тайып кеттіп "әкессс" деген сөз ауыздан шығып кетеді. Естіген молда құмандағы су харам жаңасын әкел дейді. Сонда әлгі баланың боқтайтыны бар ғой. Осы үйдегі, осы ауылдағы, жеті қат көктегі, бұлттағы, мұздақтағы, жер астындағы су атауының әкесінің аузы. Ал дәретіңді алып ал, халал суыңды тауып ал деп ашуланатын.(негізі келістіріп боқтайды) Сол айтпақшы. Мынаны жасаған, қабылдаған, мақұлдаған, ұялмай ашқан жауаптылардың тап әкессссс....
Бір бір ауыздан боқтап кетейік. Қатысы барлар дәм ауыз татсын" деп жазды Нурадин Ракай.
Пікірлер