Көкшетауда көпбалалы әке есірткі сатумен айналысқан

3182
Adyrna.kz Telegram

Көпбалалы әке Көкшетау қаласының аумағында гашиш сатумен айналысқан. Сот оны 6 жылға бас бостандығынан айырды, – деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көкшетау қалалық соты ірі көлемде гашиш сатумен айналысқан 40 жастағы тұрғынға қатысты үкім шығарды. Есірткі сатушыға қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айыпталушының заңсыз әрекеті осы жылдың ақпан айында тоқтатылды.

Көкшетау тұрғыны есірткіні материалдық баю мақсатында заңсыз сақтап, кейіннен өткізуге бағытталған қылмыстық ниеті болып, жалпы салмағы 9,46 грамм гашишті екі қағаз түйіншегін сатқан, бұл өз кезегінде үлкен өлшем болып саналады.

“Сатып алу – сату” мәмілесінен кейін бірден сатушыны Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады. Оған қатысты тергеушілер ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Пікірлер