Тоқаев Өзбекстанда өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады

1622
Adyrna.kz Telegram

Тоқаев Өзбекстанда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарланып отыр», - делінген хабарламада. 

Өзбекстанда Президент басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер