Зеленский жол апатына ұшырады

2403
Adyrna.kz Telegram

Украина президенті Владимир Зеленский Киевте жол апатына ұшырады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Сергей Никифоров өзінің фейсбук парақшасында хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Оның айтуынша, Президенттің картежі жеңіл автокөлікпен соқтығысқан.

"Мемлекет басшысының жанындағы дәрігерлер жеңіл көліктің жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны жедел жәрдемге тапсырды", - деді Никифоров.

Никифоров президент дәрігерге қаралғанын және алаңдауға еш негіз жоқ екенін атап өтті.

"Жол апатының мән-жайын құқық қорғау органдары анықтайды", – деп жазды ол. 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер