"Жазбаша сөйлеу" деген не?: 2-сынып оқушыларына арналған оқулық желіні шулатты (ВИДЕО)

2077

 2-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі оқулығы қызу талқыға түсіп, желіні шулатты. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 

8 жасар оқушының анасы 2-сыныпта оқитын баласына "жазбаша сөйлеу" дегенді қалай түсіндіремін деп басы қатып отыр...

"Мұндай ережелерді қай ақымақ ойлап тапқан? Сөзім жетпейді. Біріншіден, 2-сыныпқа "қазақ тілін" не үшін енгізді? Ана тілі болатын. Атам заманнан бастауыш сыныпта "ана тілін" оқитынбыз.  Жарайды бердіңдер. Енді жазбаша сөйлеу - жазылып берілетін хабар. "Жазбаша сөйлеу" деген не ол? Жазу ол - жазу. Сөйлеу ол - сөйлеу.  Жазбаша сөйлеу деген жоқ зат. Кім шығарды ондай затты? Мен балаға қалай түсіндіремін оны? ,- дейді автор.

Тіпті тақырыпты "ауызша және жазбаша сөйлеу" депті..

"Біз жазбаша сөйлей алады екенбіз. Біз жазбаша жазамыз, ауызша сөйлейміз. Өз-өздеріне қарама-қайшы келеді... Сөйлеу сұрақ, жауап және әңгімелеуден тұрады дейді. Біздің кезімізде хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем және лепті сөйлем деген болатын. Болды. Енді өздері айтады. Жазбаша сөйлеу болады дейді. Мына жерде сөйлеу деген жазу деп тұрған жоқ қой. Дұрыс па? Сөйлеу ол - сөйлеу. Ол өз-өзінен ауызша сөйлеу дегенді білдіреді. Мен мектепте үздік оқыдым. Қазақ тілі мұғалімі өте мықты мұғалім болды. Бастауыш сынып мұғалімі де мықты болды. Енді мынаған менің сөзім  жетпейді. Мен өз-өзіме сенімді болдым, мықты оқыдым. Мен қазір балама ешқандай репетиторсыз сабақты үйде оқытуға көмектесе аламын деген сенімде болдым. Енді мынау не? Мен "жазбаша сөйлеу" дегенді 8 жасар балаға қалай түсіндіремін? — дейді оқушының анасы. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket