“Мәдениетіміз өте төмен”: Желіде концерттен кейінгі қоқыстың видеосы тарады

811

Алматыда өткен “Gakku dauysy 2022”  музыкалық фестивалінен кейін көше қоқысқа толды. Бұл туралы әлеуметтік желі белсендісі видео таратты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айта кетейік, 17 қыркүйек күні Алматы қаласында дәстүрге айналған “Gakku dauysy 2022” музыкалық жобасы өткен болатын.

Концерт халыққа лық толы болды. Алайда қоқыстарын кез келген жерге тастап, мәдениетсіздік танытқаны желі қолданушыларының ашуын туғызды.

“Менің қарным ашатыны-біздің мәдениетіміздің өте төмен екендігі. Себебі, қанама қоқыс бар. Неге артымыздан жинап жүрмейміз”, -деді желі қолданушысы.

Сондай-ақ, ол: “Бәрі өзіміздің қолымызда, бәрін өзімізден бастайық!”, деп үндеу тастады.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket