Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында болған қақтығыста 36 адам қайтыс болды

813
Фото: dw.com
Фото: dw.com

Тәжікстанмен арадағы шекарада болған қақтығыста 36 Қырғызстан азаматы қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұған дейін 24 адамның қайтыс болғаны және 120-дан астамы жарақат алғаны туралы ақпарат болған еді. 129 қырғызстандық зардап шекті. 

Ал Тәжікстан жағында зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ.

Айта кетейік, Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы шекараның жалпы ұзындығы 980 шақырымнан асады. Соның басым бөлігі белгіленбеген.

Соңғы жылдары екі елдің шекарасында бірнеше рет қарулы қақтығыс болды. Осы жолы ҰҚШҰ арнайы тобы оқиға орнына барды.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket