Астана-Жезқазған бағыты бойынша Тальго пойыздары қатынай бастады

2075
Adyrna.kz Telegram

Елордадан Жезқазғанға Тальго пойыздары қатынай бастады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Қазақстан темір жолы баспасөз қызметі хабарлады.

"Нұр-Сұлтан – Жезқазған" бағытындағы №65/66 алғашқы жолаушылар пойызы Ұлытау облысына келді. Тальго вагондарынан тұратын құрам Нұр-Сұлтаннан жұп күндері, Жезқазғаннан тақ күндері қатынайтын болады. Бұған дейін, осы жылдың 5 қыркүйегінде "Алматы-2 - Жезқазған"  қатынасындағы №73/74 пойызы іске қосылған болатын", - делінген ресми хабарламада.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжановтың айтуынша, аталған пойыздарды іске қосу Қазақстанның мегаполистерімен жаңа өңірдің көліктік қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. 

"Елордадан келген жаңа пойыз барлық заманауи талаптарға сай және қажетті жабдықтармен, соның ішінде ауа баптау жүйесімен және биоәжетханамен  жабдықталған.  Жол жүру кезінде жолаушыларға фильмдер көріп, музыка тыңдау үшін "Vputi.kz" мультимедиялық порталға кіру мүмкіндігі беріледі. Гранд класты вагондардың жолаушылары душ кабиналарын қолдана алады", - делінген хабарламада. 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер