Алматыда "Студенттер қатарына қабылдау" кешінің соңы жаппай төбелеске ұласты (ВИДЕО)

2327
Adyrna.kz Telegram

Алматыда "Студенттер қатарына қабылдау" кешінің соңы жаппай төбелеске ұласты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша,  жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ.

«Бұл дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылардың әрқайсысы анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Олардың әрқайсысының әрекетіне тергеу тарапынан құқықтық баға беріледі», – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер