Ирина Тен: Қазақша біліп тұрса да, әдейі сөйлемейтіндер - бөлек әңгіме

3178
Adyrna.kz Telegram

Журналист, тележүргізуші Ирина Тен қазақ тілінің қамын ойлап, оқырмандары үшін әлеуметтік желіде арнайы жазба қалдырды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

- Кешіріңіз, бірақ қазақша сөйлемейтіндерді түсінемін. Шын, қиын шығар. Жаңа нәрсе үйрену үшін миды кәдімгідей қимылдату керек қой. Түсінбейтін тілде ақпарат алған таза стресс емес па? Оның үстіне білмей тұрғаныңды үйретпейтін, айтқың келген нәрсеңді түсінбейтін, тырыспайтын, қатеңді кешірмейтін адамдар тағы бар. Қазақша біліп тұрса да, әдейі сөйлемейтіндер - тіпті бөлек әңгіме. Кинолар орысша, YouTube орысша (қазақ тіліндегі сапалы контент өте аз), жан-жақтағы адамдар орысша сөйлейді. Тіпті қазақ тілділердің өздері сөз арасына қосатын “конечно, давай, чё там, братан т.б» осындай сөздерсіз болмайтын сияқты.

Ирина Тен 1992 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген. Қазақ тілін жетік меңгеруіне жанындағы достары мен ұстаздары ықпал еткен. Сөз соңында автор өз ойын:

- Достар, одан да таза, әдемі сөйлеуге, сауатты жазуға тырысайықшы? Өз өзімізді қолға алып, өзгелерді қызықтырайық. Келістік пе? Қазақ тілін үйреніп жүргендерге “сөйлей алмасаң да сөйле, солай үйренесің” деп айтайық. Бір-бірімізге қолдау көрсетсек күшті болар еді, - деп сабақтады.

Пікірлер