Қазақстанның ірі қалаларына Ресейден келушілер саны күрт өсуі мүмкін

1965
Adyrna.kz Telegram
Фото: azattyq.org
Фото: azattyq.org

Қазақстанның ірі қалаларына Ресейден келушілер саны күрт өсуі мүмкін. Бұл  Путин жариялаған жартылай жұмылдырумен байланысты болмақ, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Әскери қызметке қазіргі уақытта запастағы және ең алдымен Қарулы Күштер қатарында әскери борышын өтеген, белгілі бір әскери мамандықтары және тиісті тәжірибесі бар азаматтар ғана шақырылады. Әскери қызметке шақырылғандар бөлімдерге жіберілгенге дейін арнайы әскери операция тәжірибесін ескере отырып, міндетті түрде қосымша әскери дайындықтан өтеді», - деді Ресей президенті Владимир Путин телеарна арқылы сөйлеген сөзінде.

“Чиновник” телеграм арнасының айтуынша, Алматы және басқа да ірі қалаларда сұраныстың артуына байланысты пәтерлерді жалға алу бағасының тағы да өсуі күтілуде. Қонақүйлер, көлік қызметтері және қоғамдық тамақтану орындарының бағасы қымбаттауы мүмкін.

“Қалай болғанда да, қазақстандық арнайы қызмет пен полицейлер қырағы болуы керек. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүктеме артады, банк қызметіне сұраныс артады.

Ал жағымды жағы, еңбек нарығы жоғары білікті кадрлармен, соның ішінде IT және қызмет көрсету саласына толығады. Жалпы, жаңа кадрлардың келуі есебінен қалалардың бәсекеге қабілеттілігінің артуы күтіліп отыр. Ендеше, жергілікті тұрғындар жаңа шындықтан адасып қалмай, бір қадам алда болуы керек.

Айтпақшы, кешеден бері Google іздеу жүйесінің ресейлік сегментінде жұмылдыру және елден кетуге байланысты сұраныстар күрт өсті”, - деп жазды “Чиновник” телеграм арнасы.

“Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер