Неміс полициясы Әлішер Усмановтың мүлкін тінтіп жатыр - БАҚ

2084
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/fd2b4cad-fde9-480b-adaf-eab1275d8f44.jpeg
Олигарх Әлішер Усмановтың Германиядағы үйлері, вилласы тінтіліп жатыр. Бұл туралы Bayerischer Rundfunk басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Басылым мәліметінше, ресей-өзбек олигархы миллиондаған еуро салық төлемеді деген күдікке ілінген.
"Ресейлік өзбек олигархы Әлішер Усмановтың Германиядағы үйлері тінтіліп жатыр. Өйткені ол 2016 жылдан бері Роттах-Эгерндегі үйінде тұрақты және ұзақ уақыт тұрыған, бірақ салық төлемеген. Мюнхен прокуроры оны салық төлеуден жалтарды деп күдіктеніп тінту жүргізген", - деп жазады басылым.
2022 жылғы Forbes деректері бойынша Усмановтың байлығы 14,6 миллиард долларға бағаланады.

”Адырна” ұлттық порталы

Комментарии