Көкөніс қоймаларының көлемі артады

407
display of various fruit and vegetables
display of various fruit and vegetables

Үстіміздегі жылы сыйымдылығы 7 мың тонналық 2 көкөніс сақтау қоймаларының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.  

Қолайлы ауа райы  және тиісті агротехникалық шаралардың  уақытында атқарлуы себептідәнді дақылдар бойынша әр гектардан 16 центнерден астық жиналуда. Естеріңізде болса бірнеше жыл қуаңшылық орнап, өнім көлемі бұған дейін аз жиналған еді.  Сала мамандарының сөзінше биылғы жиыналған өнім соңғы 5 жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткішке ие.

БҚО ауылшаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Наурызбай Қарағойшин жалпы ғылыми негізделген нормаға сәйкес облыстың егіс алқабына 57 мың тонна тыңайтқыш себілуі тиіс екенін айтты. Алайда облыс шаруашылықтары жылма-жыл тек 3,5-4,5 мың тонна тыңайтқышты немесе 6-8%-ын ғана пайдаланып отыр.  Оның басым бөлігін картоп, көкөніс-бақша егетін шаруашылықтар тұтынады. Бір сөзбен айтқанда дәнді және майлы дақылдар өсіретін шаруашылықтардың ішінде тыңайтқыш пайдаланатындарымардымсыз.

Атап көрсетсек, биыл «АгроСервис-Батыс» ЖШС, «Авангард» ЖШС, «Матевосян» ШҚ секілді жылма-жыл тыңайтқыш қолданатын шаруашылықтар дәнді дақылдардың әр гектарынан орташа 22 центнерден жоғары өнім жинаса, тыңайтқыш қолданбаған шаруашылықтар ауарайы қолайлы болғанның өзінде биыл тек 5-7 центнерденөнім алуда. Жалпы өсімдік шаруашылығы бағытын субсидиялауға 2022 жылға бюджеттен 2 652 млн теңге бөлінген. Оның ішінде тыңайтқыштарды құнын субсидиялауға – 153 млн теңге. Пестицидтердiң құнын субсидиялауға – 143 млн теңге. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау – 247 млн теңге. Су жеткізубойынша қызмет құнын субсидиялау – 24 млн теңгеайлы дақылдарды субсидиялауға – 238 млн тенге, - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетінатқарушы Наурызбай Қарағойшин.

Сондай-ақ күнделікті тұтынатын бірден - бір өнімнің бірі картоп деп санасақ, бұл көкөністен де жиын-терін мол. Орташа есеппен резервтікқорға 3500 тонна картоп, 300 тонна сәбіз, 500 тонна пиязжәне 350 тонна қырыққабат тапсырылады деп күтілуде.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket