Алматыда ШОБ кәсіпорындарының саны 33,7%-ға өсті

326

Алматыда іскерлік климатты жақсарту және шағын және орта бизнесті дамыту әкімдік басымдығының бірі. Бұл туралы бизнес, салалық қауымдастық және «Атамекен» ҰКП өкілдерімен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Мемлекеттік бюджет кірісінің төрттен бір бөлігі және Қазақстанның барлық сауда операциясының 35%-дан астамы Алматыға тиесілі. Ал мегаполистің шағын және орта бизнесі қаланың 65% жұмыспен қамтамасыз етеді.

Ерболат Досаев мәслихат қабылдаған «Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары» туралы айтып берді.

Құжатта басым салалар айқындалған. Бұл өңдеу өнеркәсібі, креативті индустрия, IT сала және туризм. Жұмыс орындарын құруға, инвестиция тартуға және іскерлік ортаны жақсартуға баса мән беріледі.

«Алматының болашақ дамуының жетістігі мен жоспарлардың жүзеге асуы экономиканың тұрақты өсуімен, тұрақты қаржылық кірістермен және кәсіпкерлер үшін де, сыртқы инвесторлар үшін де қолайлы іскерлік климатпен анықталады деген нық сенімдемін», – деді әкім өз сөзінде.

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Алматыда 262 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ШОБ кәсіпорындарының саны 33,7%-ға өсті. Биыл оларды дамытуға мемлекеттік және қалалық бағдарламалар аясында 47,6 млрд теңге бөлінді. 1,3 мыңнан астам жоба мақұлданды.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket