Саяси реформалардың заңды жалғасы

543

Президент сайлауы, конституциялық өзгерістер бүгінгі күннің басты тақырыбы болып отырғанын белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында президент сайлауы жөнінде өзінің шешімін қоғамға ұсынған болатын. Бұл – қайта сайлану құқығынсыз бірреттік президенттік сайлау мерзімінің іс жүзінде көрініс табуы.

Қазір қоғам болып талқылап жатқан негізгі тақырып осы болып тұр. Әртүрлі пікір, салыстыру, ұсыныс айтылып жатыр. Зиялы қауым, сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен жалпы әлеумет сайлаудың ертерек өткенін қолдап отыр.

Әлеуметтік желі мен түрлі талқылау алаңдары, қоғамдық пікір мұны биыл елімізде референдум арқылы өткен конституциялық реформалардың заңды жалғасы деп қабылдады. Шын мәнінде, біз саяси реформалар бағытын жаңғыртудың даңғыл жолына түстік.

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғамды» қалыптастырамыз десек, демократиялық құндылықтарға негізделген, азаматтық қоғамды нығайтатын осындай шешімдерді оң қабылдауымыз керек деп ойлаймын.

Сайлауды өткізіп алғаннан кейін барлық назарды, күшті мемлекет дамуына жұмылдыра аламыз. Әйтпесе әлем елдерінде саяси жағдай ушығып тұрғанын білеміз. Осындайда ертерек қамданып, тұрақтылықты ту ете алсақ – бағытымыздың дұрыс болғаны. Бұл жолғы сайлау саяси реформалардың өркендеп, мемлекеттің даму шағына тұспа-тұс келіп отырғанын даусыз.

Олжас СЫДЫҚБЕК,

«Elorda Akparat» ЖШС директоры

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket