«Самұрық-Қазына» Қоры Орал қаласының тұрғындарымен IPO бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша кездесу өткізеді

2878
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/a1ccf260-6107-415d-a92a-76dfcaab8cd9.jpeg
26 және 27 қыркүйек күні «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазпошта» АҚ, қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар, AIX және KASE қор биржаларының өкілдері Орал қаласының кәсіпорын қызметкерлерімен және тұрғындарымен кездесіп, IPO бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері туралы кеңінен айтып береді. Іс-шара қатысушылары жұртшылықты «Самұрық-Қазына» АҚ жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-сының іске асырылу барысымен және бірінші IPO-кандидат – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниясы туралы негізгі ақпаратпен таныстырады. Ұйымдастырушылар кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап береді. Орал қаласының тұрғындарымен кездесу 2022 жылдың 26 қыркүйегінде сағат 14:30-да Астана даңғылы, 10 мекен-жайы бойынша орналасқан «Достық үйі» ғимаратында өтеді. Сондай-ақ, 27 қыркүйек күні сағат 11:00-де Ақсай кентінің тұрғындарымен 4 шағын аудан мекен-жайында кездесу өтеді., №3 ЖОББМ. Қордың жекешелендіру және IPO бағдарламасы туралы толық ақпаратты ipo.sk.kz ресми сайтынан білуге болады.
Комментарии