Абзал Құспан: “Қанды қаңтарды” қайталағысы келетіндер -  халық жауы 

2462
Adyrna.kz Telegram

Қазақты қырып алмас үшін, “Қанды қаңтар” қайталанбауы керек. Бұл туралы заңгер Абзал Құспан “Адырна” ұлттық порталының “Таразы” ютуб бағдарламасында айтып берді.

“Қанды қаңтар” қайталанбауы керек! Барлығымыз осы сөзді ұран қылып, жұдырықтай жұмылуымыз қажет… “Қанды қаңтар” қайталанса, шығатын - қазақ, зардап шегетін - қазақ, оққа ұшатын - қазақ, артынан сотталатын да - қазақ… Бұл әңгімені шығарып жүрген және осы бағытта астыртын жұмыс жасап жатқан азаматтар, оппозиция бола ма, биліктің ішінде отыра ма, олардың барлығы, сөздің тура мағынасында “халық жаулары”! Басқа ешкім емес. “Қанды қаңтарды” қайталауды мақсат тұтып отырғандар нағыз халық жауы!”, - деді заңгер.

Сондай-ақ, Абзал Құспанның айтуынша, кейбір оппозиция деп жүрген қозғалыс  өкілдері “Қанды қаңтарды”қайталауды мақсат тұтқан көрінеді.

Пікірлер