Қырғыз ҰҚК басшысы Парламентке екі жәшік автоматпен келген

3585
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/b56fba7f-32f7-42e8-a296-184c20c65f32.jpeg
Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік  комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев Парламентке автоматтары бар екі жәшік әкелген. Бұл туралы Жоғарғы Кеңес депутаты Адахан Мадумаров мәлімдеді деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы informburo.kz-ке сілтеме жасап.
«Мемлекетте ғана емес, Жогорку Кенеште де күрделі жағдай қалыптасты. Соңғы рет ҰҚК басшысы Парламентке автоматтары бар екі жәшікті сүйреп апарды. Бұл – жабайылық. Біз заң шығарушы ретінде әрбір қозғалыстың заңдылығына баға беруіміз керек. Олай жасай алмасақ, онда біз өз жұмысымызды орындай алмағанымызды мойындауымыз керек», – деді қырғыз депутаты.
ҰҚК басшысы Парламентке неге қару алып келгені әлі белгісіз.

”Адырна” ұлттық порталы

 
Комментарии