Көші-қон ағыны жалғасуда

1474
Adyrna.kz Telegram

Қазіргі таңда  ең маңызды мәселе – Ресеймен шекарадағы Қазақстан азаматтарын қайтару.  Бұл мәселе  БҚО әкімдігінде шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінде талқыланды.

         Өңір басшысы Ғали Есқалиев Ресей шекара ведомствосымен бірге шекара қызметі департаментіне аталмыш мәселені шешуді тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкімі осы проблеманы шешу бойынша Қазақстан Үкіметіне ұсыныстар жіберді, олар қазірдің өзінде жедел түрде қаралуда.

Тағы бір маңызды міндет БҚО аумағында қалған РФ азаматтарын есепке алуды қамтамасыз ету болып табылады. Облыс әкімі шетелдіктерді қабылдайтын азаматтар үш тәулік ішінде полиция органдарына олардың келгені туралы хабарлауы тиіс екенін атап өтті. Батысқазақстандықтар мен мигранттардың құқықтары мен жауапкершілігіне байланысты түсіндіру жұмыстарын күшейту, хабарландыру санын ұлғайту және қажетті ақпараты бар СМС таратуды ұйымдастыру БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовке тапсырылды.

         Заңсыз жалға берілетін тұрғын үйлердің көптігін ескере отырып, полиция департаментіне мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, осындай жалға берушілерді анықтау және заңнамаға сәйкес шаралар қабылдау жүктелді. Облыс әкімі мұндай азаматтарға жалға беру құқығын ресімдеу күрделі емес екенін және Мемлекеттік кірістер департаменті органдары айыппұл санкцияларын қолданудан басқа, осындай жалға берушілерді тіркеуге консультациялық көмек көрсетуі тиіс екенін еске салды. Цифрлық технологиялар басқармасына қызмет базасында көші-қон заңнамасы мәселесі бойынша мигранттар мен жалға берушілерге 109 нөмірі бойынша кеңес беруді ұйымдастыру міндеттелді.

Ал Қазақстан азаматтарының да, көшіп-қонушылардың да қауіпсіздігін қамтамасыз турасында өңір басшысы полиция департаментіне жеке құрамды күшейтілген режимге көшіруді тапсырды.

 

 

 

Пікірлер