Ақсай ұстаздарына жастарды әлеуметтендіру жобасы түсіндірілді

2222
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласындағы нөмірі 4-ші жалпы білім беретін орта мектепте "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының" жастарды әлеуметтік дамыту бойынша жобасының мазмұнын насиxаттау, жоба аясындағы байқаудың ережелерін таныстыру, жас толқынды әлеуметтендіру туралы түсінік қалыптастыру мақсатында тағылымды іс-шара өтті. Онда Бөрілі ауданы білім бөлімі мамандары мен әдіскерлері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, белсенді жастар қатысты.
Жобаны жүзеге асырушы "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігінің қызметкерлері балалардың бойындағы ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мен олардың өз-өзіне деген сенімділігін арттыру әдіс-тәсілдері жайында пайдалы кеңестерімен бөлісті.
Шара соңында ұйымдастыру ісіне ат салысқандарға алғыс xаттар беріліп, дәріске қатысушыларға сертификаттар табысталды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер