БҚО-да Халықаралық «Атамекен» ән фестивалі өтеді

3264
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/dcb61583-fc36-4a92-a6ae-528a37175a17.jpeg
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылы қазан айының 4-6 күндері «Атамекен» өнер ордасында ХІІ Халықаралық «Атамекен» ән фестивалі өтеді.
Байқаудың мақсаты:
- Ескендір Хасанғалиевтың шығармашылығын, есімін ұлықтау, жас ұрпаққа насихаттау; - Ұлтаралық мәдени байланыстарды кеңейту, ынтымақтастықты жандандыру; - Ән әлеміндегі дарынды жастарды халыққа кеңінен танытып, олардың кәсіби шығармашылықтарын қолдау. 4 қазан сағат 18.00 – ХІІ Халықаралық «Атамекен» ән фестивалінің ашылуы және «Есіңе ал» Ескендір Хасанғалиевты еске алу концерті 5 қазан сағат 10.00 – ХІІ Халықаралық «Атамекен» фестивалінің І кезеңі сағат 15.00 – Фестивальдің ІІ кезеңі 6 қазан сағат 16.00 – Гала концерт және жеңімпаздарды марапаттау. ХІІ Халықаралық ән фестиваліне шетелден: Өзбекстан (Нүкіс қаласы) және Қытай елінен, республика аумағынан: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облысы және Орал қаласы, БҚО аудандарынан 25 үміткер қатысуға өтініш білдірді. Байқау эстрада аталымы бойынша өткізіліп, қатысушылар Е.Хасанғалиевтың 2 әнін ұсынады (қазақ тілінде немесе басқа тілге аударылған). Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы диплом, статуэтка және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Қазылар алқасының құрамында Ескендір Хасанғалиевтың ұлы, әнші-композитор Біржан Хасанғалиев, сонымен қатар БҚО өнер майталмандары, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншілері Марат Сарбөпеев және Жаскелең Ғайсағалиев, әнші-композитор Таңат Жексенбаев, сонымен қатар Алматы қаласынан IV халықаралық «Атамекен» ән байқауының Гран при иегері, киноактер, әнші Асхат Үрпеков.

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

Байланыс телефоны: 8 /711 2/23-60-08,28-00-27 Е-mail: ocnt-zko@mail.kz
Комментарии