Тасқалада 6 әлеуметтік бағыт таныстырылды

2489
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысына қарасты Тасқала ауылындағы С. Жақсығұлов атындағы орта мектепте "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының" жастарды әлеуметтендіру бойынша іс-шарасы ұйымдастырылды.
Атаулы іс-шараға Тасқала аудандық ішкі саясат бөлімі, білім бөлімі, жастар ресурстық орталығы, аудандық ұстаздар қауымы қатысты.
"Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігінің қызметкерлері мен жоба дәріскерлері жастарды ынталандыру әдістері мен "Менің таңдауым" атты 6 әлеуметтік бағыт бойынша өтетін байқаудың ережелері түсіндірілді. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер