Индонезиядағы футбол матчынан кейін 127 адам қаза тапты

2172
Adyrna.kz Telegram
Фото: twitter/ Mirror Football
Фото: twitter/ Mirror Football

Индонезиядағы футбол матчынан кейін 127 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 2 қазанға қараған түні Маланг қаласындағы Канжурухан стадионында болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық плрталы.

Suryamalang порталының мәліметінше, сенбі күні Индонезия чемпионатының матчында «Арема» мен «Парсебая» командалары кездесіп, 3:2 есебімен екінші команданың пайдасына шешілген. Ақтық ысқырық естілісімен көңілі қалған Ареманың жанкүйерлері алаңға шыққан. Ал тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ қолданған.

Трибунадағылар да үрейленіп, стадионды тастап кетуге әрекеттенгені нәтижесінде халық төбелескені хабарланды. Салдарынан 127 адам қаза тапты, оның ішінде әйелдер мен балалар. да бар. 180-ге жуық адам ауруханаға жатқызылды.

Лига басшылығы алдағы аптадағы барлық матчтардың тоқтатылатынын хабарлады. Бұл қайғылы оқиғаға тексеру жүргізілуде.

Пікірлер