10 миллион теңге төлеген: Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты

2740
Adyrna.kz Telegram

Көлсай көлдері" ұлттық саябағының аумағында гидті дұрыс көзқараспен қарамағаны үшін соққыға жыққан белгілі әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Көлсай көлдері" ұлттық саябағының аумағында гидті дұрыс көзқараспен қарамағаны үшін соққыға жыққан белгілі әнші Төреғали Төреәлі 10 миллион теңге кепілге беріп, бостандыққа шықты”, – деп жазды Sputnik Қазақстан телеграм арнасында. 

Еске салайық, оқиға 28 қыркүйекте Алматы облысы Кеген ауданындағы Ұлттық парк аумағында болды. Әлеуметтік желіде белгісіз жігіт Төреғали Төреәлі оның қабағын жарып, жұдырықтағанын жеткізген еді. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізілімінде тіркелді. 

Құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркеліп, Төреғали Төреәлі қамауға алынған болатын.  

Пікірлер