Теректі жастарына - жақсы мүмкіндік

2179
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысына қарасты Теректі ауданының орталығы Федоровка ауылында "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының" жастарды әлеуметтендіру жобасы жайында оқыту шарасы ұйымдастырылды. Онда ауданның ұстаздар қауымы, белсенді жастар, аудандық білім бөлімі өкілдері қатысып, Адырна - ұлттық-этнографиялық бірлестігі ұйымдастырып бастаған жоба жайында мағлұмат алды. Ұйымдастырушылар жоба аясындағы балалар мен жастарға арналған 6 әлеуметтік бағыт бойынша өтетін байқаудың ережесін ғана таныстырып қоймай, жас толқынның белсенділігін арттыру жолдары мен әдіс-тәсілдері туралы да айтты. Облыстың әрбір ауданынан бөлім бөлімі әдіскерлері бекітіліп, жоба бойынша жұмысқа тартылуда. Теректі ауданынан білім бөлімінің әдіскері Орынша Асқарқызы атаулы өңірден жоба бойынша әлеуметтік қызмет маманы ретінде бекітілді.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер