Жастарды әлеуметтендіру жобасына Оралдың мектептері де қатысады

2054
Adyrna.kz Telegram

Орал қаласындағы нөмірі 38 мектеп-лицейінде "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының" Қазақстан жастарын әлеуметтендіру және дамыту жобасы жайында оқыту шарасы өтті. Жобаны ұйымдастырушы "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігінің қызметкерлері Орал қаласындағы барлық мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, ұстаздарға жобаның мазмұны мен мәнін, атқарылу жолдарын, балаларды ынталандыру әдіс-тәсілдері туралы әңгімеледі. Атаулы жоба аясында 6 әлеуметтік бағыттан тұратын байқаудың ережелері де таныстырылды.
Орал қаласы білім бөлімінің басшысы Жансұлу Меңешқызы өз тарапынан жобаға қызығушылық танытып, барынша қолдау көрсетуге тырысатындығын жеткізді. Орал қаласының білім бөлімінен қалалық мектептен бойынша жауапты әлеуметтік маман бекітіліп, оған жүктелетін міндеттер түсіндірілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер