Омбы қазағы барша қандасын Ресей үшін соғысуға шақырды (ВИДЕО)

2432

Ресейде тұратын Қуандық Иманғалиев есімді қазақ Омбыдағы барша қандасына үндеу жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, қаладағы қазақтардың үлесі 30 %.

«Не себепті ротадағы 1000 адамның
бесеуі ғана қазақ?! Қайдасыңдар? Бәрің қашып кеттіңдер ме? Бұл уақыт тарихта қалады. Ал балаларыңыз «Әке, сіз ол кезде қайда едіңіз?» деп сұрағанда мойындайсыз ба, әлде өтірік айтасыз ба? Шынымды айтсам, халқым үшін ұяламын. Өйткені қазақтардың көпшілігі Омбыдан қашып кетті. Әрине, кету-кетпеу — әркімнің өз ісі. Бірақ сен осы елде тұрдың, ақша таптың, балаларыңды оқыттың ғой. Орыс халқына басымды иемін. Өйткені мұндағылардың барлығы орыстар. Ресей не болса да жеңеді»,— деді ол.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket