Қазақстанда пәтерді жалға алу келісімшарттарын eGov порталында жасау ұсынылды

1996
Adyrna.kz Telegram
Фото: massaget.kz
Фото: massaget.kz

Қазақстанда тұрғын үй нарығын бақылауға алу үшін пәтерді жалға алу шарттарын eGov жүйесінде жасау ұсынылды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі  Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ресей Федерациясында ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін елімізге келген көрші ел азаматтарының саны артты. Сәйкесінше, Қазақстанның бірқатар қаласында жалға берілетін тұрғын үйдің бағасы шарықтап кетті. Мәселені шешу үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" порталында жалға берушілер үшін электронды келісімшарт жасауды ұсынды.

“Біз белгілі бір платформаларда, соның ішінде eGov.kz сайтындағы тетікті екі рет басу арқылы жалға беруші мен жалға алушы арасында жасалатын стандартты келісім-шартқа қол жеткізгіміз келеді”, – деді цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.

Пікірлер