Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шендісі қамауға алынды

1962
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бұрынғы орынбасары Талғат Мұқанов қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қазіргі тергеу ісімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айналысып жатыр. "Orda.kz" ақпараттық порталының хабарлауынша, Талғат Мұқанов алаяқтыққа қатысты бар деген күддікке ілінген.

«2022 жылғы 5 қазанда Талғат Мұқанов сот қаулысымен екі ай мерзімге қамауға алынды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сот жүйесі туралы жазатын журналист Михаил Козачков бұл тергеудің бір ұшы қаланың экс-әкімі Бауыржан Байбекке келіп тиюі мүмкін екенін хабарлады.

"Тергеу нұсқасына сай, экс-шенеунік пен бірнеше адам (олардың арасында Қайрат Құдайбергеннің бауыры Дархан бар) Виктор Храпуновтың тәркіленген мүлкін төмендетілген бағамен сатуға атсалысқан. Бірақ бірден айтып кету керек, Байбек күдікті ретінде танылмаған, одан жауап алынбаған да. Оны істеу де қиын, өйткені бұрынғы әкім қазір елде емес. Айтпақшы Бауыржан Қадырғалиұлының ұлдары министр Саясат Нұрбектің балалары оқитын солтүстік Кипрдегі мектепте оқиды. Сонымен қатар елде Дархан Құдайберген де жоқ. Сондықтан тергеу нәтижесі негізгі фигуранттарсыз қайда апаратынын бақылау қызық болып тұр", - деп жазады журналист Kozachkow өзінің телеграм-каналында.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер