Павлодар әкімдігі желіде таралған видеоға қатысты түсініктеме берді

2057
Adyrna.kz Telegram

"Павлодар әкімдігі Тоқаевтан не жасырып қойды?": Қала әкімдігі желіде таралған видеоға қатысты Adyrna.kz порталына түсініктеме берді. 

"Мәшһүр Жүсіп көшесінің бойында Тостой көшесінен Мир көшесіне дейінгі учаскеде магистральдық су құбырын (d 500 мм) қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл 2021 жылы басталған екі жылдық жоба. Аталымыш жұмыстарды орындау ақаулардың орын алуын және сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейін төмендетуге, сондай-ақ, ауыз судың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жұмыстарды «Аскади» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізуде. Жер жұмыстарын жүргізу көзделетін жұмыстарды орындау кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі үшін міндетті түрде қоршаулар қойылады. Қазіргі уақытта жұмыстар соңғы сатысында және Торайғыров көшесі мен М. Жүсіп көшелерінің қиылысында жүргізілуде. Торайғыров көшесі қаланың магистральдық көшелерінің бірі болып табылатындықтан және ол арқылы көптеген қоғамдық көліктер өтетіндігіне байланысты аталған көшенің жол бөлігін жұмыстар жүргізілетін жерден қоршау туралы шешім қабылданды. Қоршау баннерді пайдаланып металл құрылымнан жасалған. Қазір нысанда қазылған орын қайта толтырылды, қиыршық тас әкелінді, оны төсеу және тығыздау жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстардан кейін бұл учаскеде асфальтбетон төсемі қалпына келтірілетін болады. Жұмыстың барлық көлемі аяқталғаннан кейін қоршау алынып тасталады", - деп хабарлады Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер