Батыс елдерінің әрекеттері Үшінші дүниежүзілік соғысқа әкеледі — Лукашенко

2235
Adyrna.kz Telegram

Бұл туралы Беларусь президенті Александр Лукашенко Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінде айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Өздерінің бітімгершілік қызметтерін ұсынатын Батыс елдері іс жүзінде тек отқа май құйып отыр. Олардың мақсаты — барлығын талқандау, бөлу, нарықтар мен ресурстарға бақылаусыз қол жеткізу. Бұл әрекеттер Үшінші дүниежүзілік соғысқа әкеледі. Күшімізді біріктіріп, жалғыз жеңе алмайтын мәселелерге бірлесіп қарсы тұрудың уақыты келді деп ойлаймын»,— деді басшы.

Ол батыстың КСРО ыдырағаннан кейін жаһандық реттеуші және тұрақтылықтың кепілі функциясын орындай алмағанын атап өтті.

Пікірлер