Белгілі заңгерді өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі іздестіріліп жатыр

2495
Adyrna.kz Telegram

Алматыда белгілі заңгер Айман Асанованы өлтірген күдікті анықталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қалалық Полиция департаменті осы аса ауыр қылмысты жасады деген күдікпен марқұм әйелдің бұрынғы жұбайы - 1974 жылы туған Н. есімді азамат іздеуде екендігін растады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында.

Пікірлер