Рим Папасы: Ядролық қаруды иелену - азғындық

2451
Adyrna.kz Telegram
Фото: ehomd.info
Фото: ehomd.info

Рим Папасы Франциск қазіргі нақты жағдайда ядролық қару жасау «ойға келмейтін іс» екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің «Мен сізден Жаратқан Иенің атымен сұраймын. Болашақтан үміт күту үшін он дұға» атты кітабында жазған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Рим Папасының кітабы18 қазанда жарыққа шығады деп жоспарланған. Кітаптың фрагменттері La Stampa газетінде жарық көрді.

«Ядролық қарусыз әлем құру, егер бізде ерік-жігер мен құралдарды қолданып және бұл қарудың адамзаттың аман қалуына қауіп төндіретінін ескерсек –  бұл қажет емес. Ядролық қаруға ие болу азғындық», деп атап көрсетті Рим Папасы кітабында.

Кітапта Франциск мемлекет басшыларына «қару өндірісі мен халықаралық саудасын тоқтатуға» үндеу жасайды.

«Жаһандық әскери шығындар – қазіргі замандағы ең ауыр моральдық жанжалдардың бірі. Соғыс кезінде миллиондаған адамдар барынан айырылады. Қазіргі заманғы көптеген соғыстар қару-жарақты жетілдіру үшін жүргізіліп жатыр деп күдіктену тіпті қынжылтады. Бұл әрі қарайорын алуы мүмкін емес»,- деп жазады ол.

 

Пікірлер