Жасампаз ұрандармен, иллюзиямен өмір сүрмей, қоғамды дамытуға жастарды тартайық!

6809
Adyrna.kz Telegram

Ең пайдалы инвестиция қандай деп ойлайсыздар? Әрине, жастарға салынған инвестиция. Көптеген мемлекеттерде жастар саясаты инвестицияның негізгі бағыты болып табылады, өйткені ол болашақта тұрақты қоғам құруда шешуші рөл атқарады.

Қазіргі уақытта әлемде 7.7 млрд астам тұрғындардың 10 бен 29 жас аралығындағы жастардың саны 1,8 млрдтан асады. Жастар үлесі әлемде жыл санап өсіп келеді. Бұл әсіресе Орталық Азия елдерінде анық байқалады.

Ресми статистикаға сәйкес, бүгінде Қазақстанда 14-29 жас аралығындағы жастардың саны 4 миллионға жуық адамды құрайды, оның 2,3 миллионы қалада, 1,7 миллионы ауылда тұрады.
Жастар өздері өмір сүретін қоғамда әділ және тең мүмкіндіктер жасауды қамтамасыз етуді талап ететіндіктен, олардың алдында тұрған көптеген мәселелерді шешу қажеттілігі бұрынғыдан да өткір бола бастады. Жастар үшін өзекті мәселелер қатарына білім алу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және баспанамен байланысты.

Қазақстанда жастар қоғамның ең белсенді бөлігі. Қазіргі әлемде кез келген елдің бәсекеге қабілеттілігі мен жетістігі жастардың білімімен, шығармашылығымен және еңбекқорлығымен анықталады.

2019 жылы Президент қызметіне кіріскен Қ.К.Тоқаев жаңашылықа жақын саясаткер ретінде өз жұмысы үшін бірінші кезектегі 10 міндеттің бірі жастарды қолдау деп атады. Реформаларды кезең-кезеңмен жүргізуді жоспарлай отырып, Президент жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды. Онда жұмыспен қамту, сапалы білім беру, тұрғын үй, әлеуметтену және басқа мәселелерді шешу бойынша 10 бағыт қарастырылған. Болашақта ұлт бәсекеге қабілетті болуы үшін жастарға инвестицияны арттыруымыз қажет. Елдегі қарқынды өзгерістер орын алатын болса, ол жастарға тікелей байланысты болады.

Президенттің бастамасымен мемлекетімізде жастарды қолдау бағытында келесі шаралар іске асуда:

  • Дарынды жастарды қолдау үшін 3 миллион теңге көлемінде «Тәуелсіздік Ұрпақтары» гранты тағайындалды.
  • Жас ғалымдар үшін Президенттің тапсырмасы бойынша әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін 1000 грант бөлінді.
  • Жастар стартаптарына гранттар ұлғайтылды. Жастар үшін Бизнеске арналған гранттардың мөлшері 200 АЕК – тен 400 АЕК-ке дейін-шамамен 1,2 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.
  • 2023 жылы жастар кәсіпкерлігін қолдау үшін жылдық 2,5% жеңілдікпен шағын несиелендірудің жеке тетігі іске қосылады.
  • «Президенттік Жастар кадрлық резерві» жобасы іске асты. Жобаның мақсаты - жастар үшін ашық әлеуметтік лифт құру. МҚІА мәліметтері бойынша 300 резервшінің 219-ы әртүрлі мемлекеттік және саяси лауазымдарға орналастырылған.
  •  2020-2022 жылдары Стипендиялар ұлғайтылды. Қазір студенттер 36 660 теңге, педагогикалық мамандықтар студенттері - 58 800 теңгеге дейін., магистранттар - 86 987 теңгеге дейін., докторанттарға- 195 000 теңге стипендия алады.

Сонымен бірге, өмір бойы оқыту тұжырымдамасы қабылданды. Үздіксіз білім беру Қазақстанның адами капиталын күшейтеді. Жоғары оқу орындарына еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында академиялық дербестік берілді. Жоғары оқу орындары білім беру траекторияларын өздері әзірлейді, колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп білім беру бағдарламаларының мазмұнын айқындауға құқылы, білім беру сапасын мониторингілеу үшін білім беру бағдарламаларының тізілімі құрылды.
Президенттің жас ғалымдарға әлеуметтік лифт ретінде ұсынған тамаша бастамаларының бірі «Жас ғалым» жобасы. Бұл жоба аясында әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін ғалымдарға 500 грант және бойынша жас ғалымдарға 1000 грант бөлінді.

Президент біздің жастарға сене отырып және оның жетістігіне үмітпен қарайды. Жақында Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа іс-сапармен барған кезде қазақ жастарының басын қосқан «Digital Nomads» қауымдастығының мүшелерімен кездескен болатын. Алпауыт технологиялық компанияларда жұмыс істейтін 400-ден астам ІТ-маманның басын біріктірген қауымдастық отырысында сөз сөйлеген қазақ қызының Microsoft компаниясында лауазымды қызмет атқаратынын білген ел Президенті елге келіп, мемлекеттің өркендеуіне үлес қосуға шақырды. Әдетте ұстамды Қасым-Жомарт Кемелұлы сол жолы бойын мақтаныш сезімі кернегенін жасыра алмаған болатын. Президент, «дарынды жастар еліміздің болашағына деген сенімді нығайтады» деп атап өткен болатын.

Жалпы Президент бастамасымен жүргізген реформалар жастарға елде табысқа жету үшін барлық мүмкіндіктер жасалатынын сезінуге мүмкіндік береді. Бұл жастардың ертеңгі күнге деген сенімділігін арттыратыны сөзсіз.

Жастар тарапынан да мемлекеттің дамуы үшін конструктивті ұсыныстар жасалуы тиіс деп ойлаймын. Біздің қоғамды өзіміз өзгертпесек ешкім өзгертпейтінін либералды ұстанымды Тоқаев мырза жақсы түсінеді. Жасампаз ұрандармен, иллюзиямен ғана өмір сүрмей, біздің қоғамды сәл жақсы дамытуға жастардың үлесі - ол әрбір жастың өз саласында кәсіби маманға айналғаны. Мемлекеттің міндеті – қолдау мен демеу.

Елдос ЖҰМАҒҰЛОВ

 

Пікірлер