Ейскеде ресейлік ұшақ құлап, 13 адам қаза тапты

1912
Adyrna.kz Telegram

Краснодар облысындағы әскери аймақтан әуеге көтерілген Cу-34 ұшағы көпқабатты үйдің үстіне құлап, 13 адам қаза тапты, 6 тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Оқу-жаттығу мақсатымен ұшырылған ресейлік Су-34-тің бір қозғалтқышы істен шығып, көп қабатты тұрғын үйдің ауласына құлаған. Кейіннен өрт басталған. Қазірде қаза болғандардың саны 13 адамға жетті, 10 адам жарақат алды.

Аймақтың губернатооры Вениамин Кондратьев қара жамылған отбасыларға 1 миллион рублден беріліп, тұрғын үйлердің қалпына келтірілетінін жеткізді. Оқиға бойынша тергеу ісі жүріп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер