“Бүлдіршіндерді ұрған”: Павлодар облысындағы тәрбиешіге қатысты тексеру басталды

2584
Adyrna.kz Telegram
Фото: Instagram @aksu.ermak
Фото: Instagram @aksu.ermak

Павлодар облысында балабақшада балаға дене жарақатын салған тәрбиешегі қатысты тексеру басталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

21 қазан күні Павлодар облысының Ақсу қаласы полициясына кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінен балаларға дене жарақатын келтірген №12 балабақшаның тәрбиешісіне қатысты шара қабылдау туралы ұжымдық өтініш келіп түсті.

Осы өтініш бойынша полиция тексеруді бастап, балабақшаға орнатылған камералардан бейнежазбалар алынды. Бейнені қарау кезінде балабақша қызметкері кәмелетке толмағандарды ұрып-соққаны анықталды. Аталмыш факті бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. 44 жастағы тәрбиешіге қатысты ҚР ҚК-нің 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Сондай-ақ тексеру нәтижелері мектепке дейінгі мекеменің басшысына қатысты тәртіптік шара қабылдау үшін облыстық білім басқармасына жіберілетін болады», - деп көрсетті Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер