Алматыда өткен жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесінде 1000-нан астам адам жұмысқа жолдама алды

1998
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында: «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыруымыз керек», деп басып айтқан еді. Бүгінгі күні жер-жерде жұмыспен қамту шаралары қарқын алған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Алматыда жастардың еңбек нарығын зерттеуіне және бір жерде бірнеше жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға тамаша мүмкіндік беретін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге 160-тан астам жұмыс беруші қатысуға ниет білдірді, олар өндіріс және қызмет көрсету, оның ішінде сауда, қоғамдық тамақтану, медицина, білім беру саласында 3500-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 3000-нан астам адам келіп, кеңес алды, бұл ретте 1000-нан астам ізденуші жұмысқа орналастырылды.

Азаматтардың жекелеген санаттарына: пробация қызметінде есепте тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған мүмкіндігі шектеулі адамдарға, сондай-ақ алимент төлеу жөніндегі борышкерлерге ерекше назар аударылды. Ол үшін жәрмеңкеге азаматтардың осындай санаттары үшін жұмыс орындарын құру бойынша квоталары бар жұмыс берушілер шақырылды.

Бос орындар жәрмеңкелері –Жұмыс берушілер үшін жәрмеңке өз кезегінде қолайлы үміткерлерді табу және жалдау процесін жеңілдетеді. Іс-шара жұмыс берушілер үшін де, ізденушілер үшін де өтеусіз негізде өткізіледі.

Жәрмеңкені Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ ұйымдастырды.

Пікірлер