2025 жылға қарай грант саны 75 мыңға дейін ұлғайтылады - депутат

3272
Adyrna.kz Telegram

"2025 жылға қарай грант саны 75 мыңға дейін ұлғайтылады". Бұл пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова өзінің фейсбук парақшасында хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Соңғы 3 жылда Қазақстанда гранттар саны 2 есе өсті. 2025 жылға қарай грант саны 75 мыңға дейін ұлғайтылады. Халық тығыз қоныстанған өңірлердің (Түркістан, Маңғыстау, Атырау және Алматы облыстары) түлектеріне техникалық мамандықтарға арналған 10 мың нысаналы грант бөлу жоспарланып отыр. Техникалық және инженерлік кадрларды даярлауға ерекше назар аударылады. Сондықтан 2022 жылы техникалық және IT-бағыттарға арналған гранттардың үлесі 60%-ға дейін ұлғайды. Қуатты Қазақстан құру үшін білім экономикасы еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды даярлауды қолға алуы қажет. Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!", - деп жазды депутат.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер