Қазақтың бірінші Майқысы - адамзаттың алғашқы Ұстазы!

5515
Adyrna.kz Telegram

Ең басты құндылық - рухани мұра

Ұлттың басты құндылығы - рухани мұрасы. Түгел сөздің түбі бір, түп  атасы Майқы би дегенді әр қазақ баласы білетін шығар. С. Қондыбай, осы Майқыны «Бірінші Абыз» деп атайды да,  үндіарийлық Ями, авесталық Иима, германдық Имир, т.б. ежелгі образдармен салыстырады. Б. Тілеубердиев «Қазақ ономастикасының лингвокогнитивтік аспектілері» кітабында Майқы биді қазақ атаулы халықтың түп қазығы, ұлы бабасы ретінде көрсетеді («Бірінші» болғаны, ата мұрамызда бірнеше Майқы есімді тұлғалар кездеседі). Майқы би Тұранның қырық ханының ішіндегі тоғызын өз қолымен таққа отырғызған кісі. Бірінші Алашаны, хан көтерген де осы кісі (Майқы би.2014.82-86б).

 Майқы Тұранның тағына б.д.д. 14953 жылы отырған

Бұлғар көне жазбаларының «Джагфар тарихы» айтуынша: «Жүз мың жыл бұрын Европаның солтүстігін мұз басты. Еділ-Орал өңірі мұзбен басылмады, бірақ ауа райы қатты болды, адамдар Орал үңгірлерін паналады. Қырық мың жыл бұрын мұз кете бастады, адамдар таудан түсті. Отыз бес мың жыл бұрын жеті тайпа Идель (Жеті Ел) одағына бірікті. Он бес мың жыл бұрын Идель мемлекетін құрды (Ескі Тұран деп те аталған), бірінші каханы - Дуло (Дулат) тайпасынан шыққан абыздар династиясының өкілі Джам (Бірінші Майқы). Осы жазбаларды құтқарған Ф.Г-Н Нурутдинов Идель (Жеті Ел, Жиделі Байсын, Тұран, т.б. аттары бар) мемлекетінің құрылуы б.д.д. 14953 жылы болды дейді. Идель ді басқарған абыздар өзін, өзінің тайпасын, халқын және абыздардың үш тісті асатаяғын «қазақ»  деген сөзбен атапты, бұл сөзді қарапайым адамдарға айтуға тиым салынған, тек жанама атпен атауға рұқсат берілген деп жазылады. Үш тісті «Қазақ» атты таңбасы (қазір «тарақ») басынан «Күннің нұры» саналған, Күн, Тәңір символы болған. Қазіргі тарақ деген аты да - Күн нұрының таралуын көрсетіп тұр ғой!..  Күн – Тәңірдің көзі деп, Тәңір Күннің кейпінде де келеді деп айтылған көнеліктермен. Адамдар Тәңірдің, Күннің балалары деп те санау болған. Бұ жерде жиырмасыншы ғасырдағы Мағжан Жұмабаевтың өлеңдеріндегі «Күннен туған баламын!» сөздері де еске түсіп келеді-ау... Идель мемлекетінің туында - бөрінің басы суреттелген. Ия, А. Марғұлан (Ш.4т.21б.) 20 ғасыр ақыны шапырашты Сүйінбайдың өлеңінен береді: «Бөрі басы ұраным, Бөрілі менің байрағым. Бөрілі байрақ көтерсе, Қозып кетер қайдағым»...

Марғұлан жазған, шапыраштының жас әйелдері ұл табу үшін қасқырдың бауыры мен жүрегін қазірде жейді екен!

...Қай халықтың осындай терең жады бар, а? Мағжаннан келтірейік: «Анамыз, бізді өсірген қайран  Орал, мойның бұр тұңғышыңа!» Ия, «Бұл қазақ қай уақытта үш жүз атанған» әфсанада Майқы би үш жүз жігітті Ұлы Дала шығарып, он үш ақсақал қасына қосып (рухани азықтау үшін!), Алашаны Үш Жүз болып қалған қазаққа хан көтереді. Сол әфсанада қазақ халқы Алаша ханнан да бұрын болған, бірақ Алаша ханның уақытында халқымыз үш жүз атанды, дейді... Ия, бұл қалай болған десек?

...Мұз дәуірінің ең қаттысында қазақ тек батысымызда тұрған екен - қазіргі Кіші Жүз, Татарстан, Башқортстан, Орта Азия, Қырымға дейін жерлерінде, ал Батыс Сібір мұз астында жатыпты (Интернетте бар), Арқада - тундра, адамы аз. Тек жер ашылғасын, жаңа қоныстарға ұлы көш шығыпты, со көшті Алаша үш жүз он үш адамның бірі болып бастаған екен. Әфсанада, Мәшхүр Жүсіп Көпеевтің жеткізуімен: «Есеп саны үш жүз он үшке жетсе, дүниежүзі жау болса, бетіне келмейді деп айтылған сөз бар дейді деп» (Майқы би.2014.85б.). 313-тегі үш цифрдің суммасы жетіні көрсетіп тұр, Жеті Елден қазақтың жетелгенін, жетілгенін де, ұлы сөздің т.б. сырлар жеткізетіні бар шығар...

Ия, климат өзгергесін, дулат-ұйсын-жалайыр оңтүстікке көшті, Орал маңында қалған руластары табын атымен белгілі болды, таңбалары да бір, табынның тостағаны дулатта және тарағы (жалайырда),  башқорт табындарының екінші аты бүгін де - ұйсын, Татарстан мен Башқортстанның біраз жерлері ұйсын атын сақтауда: «из татарских шеджре следует, что Майкы был родоначальником племени уйшын. Этноним уйшун сохранился в активном лексиконе в Поволжье и Приуралье в виде гидронимов (названий рек и озер)» (М.Ахметзянов.О происхождении топонимов.Казань.79б). Орымбор, Ақтөбе өңірлеріндегі жерлердің аттарын қараңыз: Майқыбұлақ, Майқысай, Мақ-Балсай, Байшолақ, Шолақсай, Жем, т.б. – Майқының тура және жанама аттары... Ұлы көштің тағы бір мысалы: найман мен алшын бір болған, бүгін де таңбалары бұрыш, найман шығысқа көшкен, алшындар батыста қалған (С.Аманжолов. Вопросы диалектологии и истории казахского языка)... Қыпшақ та батыстан көшкен, он бесінші ғасырдың Қобыландысы Қобда бойындағы Жирен Қопа да жерленген, көне бабасы Қоб ата (Қобан би) қасында. Қыпшақтың көсеу таңбасы да со жергі табын мен тама да бар... Бұл мұз дәуірінде, ұш жүз дік жүйе құрылғанша, бүгінгі ұйсын, қыпшақ, жалайыр, тарақты Қартқазақ (Жеті ру) бірлестігінде болғанын көрсетеді... Б.д.д. 14953 жылы Идель (Жеті Ел) мемлекетінің ұйтқысы осы қартқазақ (жеті ру) бірлестігі болғанын көрсетеді. Жалпы қазақ халқының мемлекеттігіне келсек, Жезқазғанның Таңбалы тасындағы жазуларына қарасақ, қазақтың мемлекеттігін (Тұранды) бастаған қыпшақ династиясы, олардан соң билікке келген найман-алшын династиясы, олардан соң арғындар, б.д,д. 14953 жылы – дулат-ұйсын-табын династиясы келді. Фольклористика, археология, лингвистика, генетика қазақтың алпыс мың жыл бұрын болғанын да, отыз сегіз, отыз төрт мың жыл бұрын болғанын да рас екенін дәлелдеп жатыр, келесі мақалаларымда соны қарастырармыз.

Тұраннан адамзаттың Алтын Ғасыры басталды

...Сол Жеті Ел мемлекеті халқымыздың жадында Жиделі Байсын атымен қалды – Алтын Ғасырдың Жұмақ Елі түрінде... Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған Жеті Ел!..

Әлемнің басқа халықтары да адамзаттың Алтын Ғасыры туралы айтып келеді-ау. Міне, б.д.д. 7-8 ғасырларда өмір сүрген көне грек Гесиодтың айтқаны қалыпты: «...Поколение людей золотое. Жили те люди как боги, со спокойной и ясной душой, горя не зная. Сколько хотели трудились, спокойно сбирая богатства. Стад обладатели, любезные сердцу счастливых» (интернетте бар).

Тағы бір көне грек Херил: «И саки, пастыри овчин, скифского рода, но обитатели, Богатой пшеницею Азии, посланцы тех кочевых, Что самые меж людей справедливые» (әділді!)...

Ия, көне гректердің сөздері біздің аталарымыз туралы ғой!.. Әділдіктің адресін іздесек, Жиделі Байсын қағаны Майқының айтқанын тыңдаңыз, Тұранның қырық ханына: «Хан әділ болса, басынан бағы таймайды, халық табанды болса, қара жерден кеме жүргізеді» (Майқы би.84б.)!.. Көнеде кеме - Күннің символы, «кеме жүргізеді» дегені – бүкіл адамзатқа Күн көрсетеді дегені. Сонда Бірінші Майқы бабамыздың: «Хан әділ болса, басынан бағы таймайды, халық табанды болса, бүкіл адамзатқа Күн көрсетеді»!.. Рухани азығы бар адам табанды болған, Көк атасын, Табиғат анасын да ұмытпаған, Аруақты сыйлаған, адамзаттың бірлігін сақтаған. Білімді тұтас ұстаған, дін мен ғылымға бөлмеген. Майқы бастаған Алтын Ғасыр он екі мың жылға созылыпты, б.д.д. 3000 жылдарына дейін (б.д.д. 3102 жылы, үнділердің айтуынша, кали юга дәуірі басталыпты, атқамінерлердің абыздарға қарсы көтерілісімен. Ұлы Дала да мың жыл құрғақшылық болып, б.д.д. 1900 жылдарында Алып Тұран құлады-ай)!..

Адамзаттың рухани жетімдікке ұшырауы

Б.д,д, үш мыңыншы жылдарында Тұран бүкіләлемдәк империя болғанына ұқсайды, Евразия мен Африканы уысында ұстаған болса керек. Міне, алып археолог Е.Н.Черных тың айтуынша, евразиялық көшпелілер империясы Сібірден Парс шығанағына дейін созылған, Египет пен Шумер, Индия мен Қытай да сонда кірген (Российская археология жорналын оқып зерттегендер бұны біледі). Құрғақшылық туралы В.Демкин, т.б.: «…около 5000 лет назад началось иссушение климата… достигшая максимума на рубеже 3 – 2 тысячелетий до н.э… около 4000 лет назад (2000-й год до н.э.!) в восточноевропейских степях возник самый масштабный палеоэкологический кризис за последние 6000 лет!»… Профессор Моргунова Н.Л.: «В течение 20 – 18 веков до н.э. в Поволжье и Приуралье происходили бурные события… Этот период археологи называют «смутным временем» по причине насыщенности серьезными потрясениями» (Археология Оренбуржья.65б).

Металлургияның тарихшысы Е.Н.Черных тың айтуынша көшпелілер империясы  (археологиялық аты «Циркумпонтийская Металлургическая Провинция») б.д.д. 3300 – 1900 жылдары аралығында жасаған, күш-қуаты жергілікті халық және Оңтүстік Орал мен Орталық Қазақстанның мыс кендерінің металлына негізделген. Империя құлаған соң шеткі елдер өзіне өзі болып қалды, солардың ішінен Шумер елін қарайық, сонда екі тіл болған, шумер (түркі) тілі және жергілікті семит тілі.  Тарихшылар айтуынша, шумер тілі қысқа мерзімде тартылып, семит тілімен ауыстырылды (Кешегі КСРО мен орыс тілінің жағдайындай). Империя орталығымен байланыс үзілгесін, бұрынғы билікте болған элита да жергілікті тілге көшті... Сол б.д.д. 1900 жылдар шамасында шумердің астанасы Ур қаласынан шыққан абыз Қобырам ның эпопеясы басталады, Палестинаға келгенде аты Авраам (Ибрагим) болып өзгереді. Авраам мен балалары шумер тілін білсе, немерелері тек семитше сөйлеп кетеді, Библияда бұның бәрі жазылған. Моисейдің (Мойша) халқымен Синайда жүргені Алаша ның жаңа далада жүрген хикаясын қайталайды. Мойша аты Майқы мен Алаша атынан құрастырылған (қыпшақ акценті), Моисей - Майқы мен Елиса дан (оғыз акценті). Библияда Алаша - Елиса атымен көрсетілген, Майқы – Михаилге прообраз болған.

...Ия, жаңа діндер құрылды, бірақ біреуі де универсалдық, букіл адамзатқа күн көрсету мақсатына көтерілмеді. Аз болса, жаңа діндер құлдықты заңдастырды!.. Бұндай нәрсе көнеде болмаған еді. Профессор Н.А.Иванов тың «Всеобщая история» кітабында 171-ші бетінде жазғанын оқыңыз: «Характерной чертой поздней древности (рубеж 2 – 1 тысячелетий до н.э.) было появление рабства... начали финикийцы, продолжили греки»!..

Ежелгілердің айтуынша...

Ия, үнділердің көне Ригведасы алтын ғасырды бастаған ел солтүстікте орналасқан Илаврита - «Жеті ата Елі» дейді. Ригведаның авторлары өздерінің аталарын сол Илавритадан келген деп, өзінің тайпасының атын «го тама» деп атайды, халқының атын «кушика» дейді (қытайлар қыпшақты «хуше» деп атапты, араптар қазақты «кашек» депті)!.. Міне, Ригведа өлеңдерінен:

«(Мы), люди народа кушика, призываем песнями...».

«Стремясь к солнечному свету, вдохновленные люди народа кушика

(своими) молитвами... создали средство для езды»...

«Люди народа кушика привели в движение священную речь»...

Атқа да, арбаға да бірінші мінген қазақ жерінің адамдары екені, түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би екені де Ригведаны оқығанда еске түседі... Майқы қаған тіл реформасын өткізген, қазақ тілінің, сол қазақ (түркі) тілі әлемнің көне тілдерінің фундаменті болған. Ригведа соны айтып тұр, қазіргі палеолиттік үзбестік теориясының (теория палеотической непрерывности)  түйіні де сол, Оңтүстік Орал мен Қазақстандағы палеолитте дамыған көне тілден дүниежүзінің басқа тілдері шықты дейді.

...Ирандық Авеста көне Ари анам Вайджа жерін – жұмақ төрі депті, со жер Еділ (Волга) өзенінен шығысқа қарай орналасады деп Авестаның ең танымал маманы, зерттеушісі Мэри Бойс түйіндейді (интернетте бар). Қазақтың Ұлы Даласы бұл ғой...

Ал, француз зерттеушісі Эдуард Шюре «Великие посвященные – очерк эзотерики религий» кітабында әлемнің ұлы абыздарының өмірлері мен ізденістері туралы жазады (интернетте бар). Рама, Кришна, Гермес, Моисей, Пифагор, Иисус, т.б. Сонда сұрақ қояды: «Кім адамзаттың Бірінші Ұстазы болды»? деп... «Абыздардың патшасы, ең ұлысы – Құдыреттің балаларынан? Кім болды»?..  «Ия, парсылардың қасиетті кітабы Зенд-Авеста айтады-ау, бұл көне заң беруші кісі туралы, Йима деп оны атап, Зороастр соны өзінен алғашқы деп айтады, ол бірінші адам, кіммен Ормузд сөйлесті, Иисус Христос солай Моисей туралы айтқандай. Фирдоуси бұл заң берушіні Джем деп атайды».

Авестада: «Зороастр сұрады Ормуздан, ұлы Жаратушыдан: «Кім бірінші адам, кіммен сен сөйлескен»? Ормузд айтты: «Ол ғажайып Йима. Мен оған бұйрық беріп едім, менің қарамағымдағы әлемдерді күзет деп. Сонда Йима Күннің жолына түсті, Ариана Вайджа батыл адамдарын біріктірді... Мен, Ахурамазда, оған екі құрал бердім: алтын жебе және алтындаған қамшыны»...

Біз білеміз ғой, осы мақаланы оқығандар да, Арианам Вайджа - Ұлы Қазақ Даласы, Йима-Джэм болса – б.д.д. 14953 жылы Идель-Тұран-Жиделі Байсын ды басқарған Джам-Майқы!.. Ғалымдардың пікірінше, жебе мен қамшы - атты әскердің қаруы... Жері туралы былай айтылады: «...Йиманың қимылы сол уақыттардағы Евразияның далалары, шөлейіт, шөлдерде өмір сүрген адамдардың ортасында болған» (Галкин Л. О роли экологических факторов в истории Волго-Уральского междуречья в эпоху бронзы).

Бір адамның көп есімдері болғаны көне дәуірлерге заңды, бұлғар жазуларында соған мысалдар бар, қазақ халқында әр кісінің жанама аттары болғанын да білеміз. Ия, Майқы, Жем, Има рухани азық функциясын алға тартса, Байқы есімі құдайы адамшылығын көрсетеді. «Бұл қазақ қай уақытта үш жүз атанған» әфсанасында он екі жасар Алаша Майқы биді «бұқараның азығы» дейді. Байя сөзі көнеде «құдай» сөзінің синонимы болған (Ж.Артықбаев). «Майқы би өзі ақсақ, өмір бойы арбамен жүреді екен» деп әфсанадағы айтылғаны жыландық табилығы (С.Қондыбай) абыз, дулат тегі көнедегі қыпшақ бірлестігінен екенін көрсетеді, сосын Байшолақ, Шолақ деп те атайды... Қыпшақтың символы жылан, оғыздың символы балық. Алаша ежелгі оғыз бірлестігінен (әкесі қызыл Арыстан). Алаша хан мавзолейінде жылан балықты қуады, бұл абыздардың заманын көрсетеді. Оғыз бен қыпшақ екеуіде көк бөрінің балалары, мыңжылдықтар бойы бір түркі халық боп, сіңісіп кеткен, таңбалар-ау символ ретінде қолданған. Геополитика ғылымында «конкуренция суши и моря» деген ұғым бар, жылан болса – «суша» (құрлық) символы, балық – «море» (теңіз)... Иисустың таңбасы балық. Библияда Алаша емес, Елиса бар. Жиделі Байсын құлаған соң хандар, атқамінерлер, іскерлердің - «теңіз» заманы басталды ғой. «Қозы Көрпеш Баян сұлу» эпосында Сарыбай тегі қыпшақтан, Қарабай оғыздан, Қозының абыздылыққа туғанын да көрсетіледі, Баянның құдайылығы, шөлден қырық құдық қазатын, руханилықтан ада, Қодар іскер бәрін жеңіп шығады-ау... Далалықтың көбісінде рухани азығы бітіңкіреп, тек материалдық күн көрумен шектелетін өмір сүруге, қарыны тоқтығына балаша қуанатын деңгейге ұмтылған кезеңдер, көпшілігі көкке көз көтере алмайтын халге ұшырағандары бар. Көк пен жерді байланыстыратын абыз-ұстаздар тобынан айырылғанынан... Қулардың тозақтарына түсіп қалатын рухани тәрбиесіз қалған жастар көбейуде-ай...

Майқының образы қайран қазақтың жанының терең түбінде жатқан аталар рухын оятатын құрал. Аруаққа сыйыну үшін оны түсіну, білу керек. Аталардың тәжірибесін бүгінгі әрекеттермен сабақтастырып, болашақты көрсетіп тұратын стратегиялық мақсатымызбен алға жылжу керек, басқа жол жоқ. Стратегиялық мақсат – ұлттық идея, шамшырақ, аталарымыз аңсаған Мәңгі Ел. Күлтегін жазбаларындағы: Мәңгі Ел болар, Өтүкен қойнауынан шықпасақ... Өтекен қойнауы - Бірінші Майқыдан қалған  рухани мұра... Дүниежүзінде Өтекен атты жерлер көп, Серікбол Қондыбай айтқандай, көне түркілердің рухани орталықтары болған солар, ең танымалысы Италиядағы - Ватикан... Дәлелдердің бірі міне, 2013 жылы итальяндық палеолингвист Марио Алинеи дің  кітабы шықты: «Этруски были тюрками» (этрускілер Рим ды көтерген халық!).

...Сонда Бірінші Майқы - адамзаттың Бірінші Ұстазы, адамзатқа Алғашқы Ақиқатты жеткізе алған адам болып тұр ғой!.. Ригведа авторлары –өздерін кушика халқы го тама тайпасынан десе, Авестадағы Зороастр пайғамбар  өзінің  тегі «спи тама» деп атайды. Тамалар Еділден шығысқа қарай  бүгін де, Елек, Жайық бойында өмір сүреді!.. Ойлайсың, құрғақшылық замандарында Иран, Үнді , тағы басқа жақтарға көшкендер қандастарымыз аз болмаған...

Қазіргі діндерге келсек, олар көнеде пайғамбарлар  болғанымен келіседі. Міне, Шумерден шыққан Қобырам ды Палестинада қарсы алғандығы туралы: «...его встретил Мелхиседек, царь Салимский, вынес хлеб и вино, благословил Аврама – он был священник Бога Всевышнего… Мелхиседек был… представителем того первобытного священства… это было универсальное мировое священство, служение религии первобытного откровения, остатки которого, как звезды на темном горизонте, продолжали сохраняться среди мрака… Аврам, принявший благословение от Мелхиседека, этим самым признал в нем особого посредника между собой и Богом, способного низвести на него божественное благословение» (А.П.Лопухин. Толковая Библия. К гл.13 Книги Бытия). Дінтану маманы доктор Маджид ибн Абдуль-азиз ат-турки «Евразия» журналында (2009.4.88б.): «Отношение Корана к предыдущим небесным религиям таково: 1.Посланников Всевышнего было очень много, и в Коране упомянуты далеко не все. Всевышний Аллах сказал: « Среди них есть такие, о которых Мы рассказали тебе, и такие, о которых Мы не рассказывали тебе (40:78). 2.Коран подтверждает, что все небесные послания связаны между собой и у них одна сущность.Поэтому человек может считаться верующим только тогда, когда он в добавление к остальным столпам веры верит во все небесные послания и посланников, приходившим к людям до Мухаммада, в общем, и с известными из Корана подробностями».

Ия, көнеде универсалдық рухани ілімнің болғанымен қазіргі діндер келіседі...

Майқытануды дамыту, Майқы би институттарын ашу керек. Ұлы Қытайдың Конфуций институттарындай...

Төреғали Қазиев

Пікірлер