Докторантураға түсетіндер қазақ тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы тиіс

2573
Adyrna.kz Telegram

Енді докторантураға түсетіндер міндетті түрде қазақ тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Елімізде докторантураға түсу үшін емтихан тапсыруға өтініштер қабылданып жатыр (18 қарашаға дейін). Емтихан 5-11 желтоқсан аралығында өтеді. Тапсыру құны – 15 804 теңге.

Еске салайық, биыл докторанттардың шәкіртақысы 195 мың теңгеге өсті.

Пікірлер