Өскеменде мектеп директоры мұғалімді еден жууға мәжбүрлеген

3195
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Өскеменде мектеп директоры мұғалімді еден жууға мәжбүрлеген. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Педагогтерді мұғалімге тән емес функцияларға тарту проблемасы да өзектілігін жоғалтпай тұр. Бүгінде біздің департаменттерде барлығы 182 факті тіркелген. Оның 93-і бойынша әкімшілік іс қозғалса, 100 факті аумақтық департаменттер жанындағы консультативтік кеңесші органдарда қаралып жатыр”, - деді комитет төрағасы.

Сондай-ақ, ол осы аптада өз атына ШҚО Өскемен қаласы №46 мектебінің педагогінен арыз түскенін айтты.

“Мектеп директоры мұғалімді еден жууға мәжбүрлеген. Қазір осы факті бойынша тиісті жұмыс жүріп жатыр. Мектеп басшылығының кінәсі дәлелденген жағдайда әкімшілік жаза қолданылады”, - деді Ернұр Дауенов.

Пікірлер