Қасым-Жомарттың ұлы әжесі елге батасын берді

3029
Adyrna.kz Telegram

Тоқсанға келген павлодарлық кейуана халықты ауызбірлікке шақырдыТанай әже бүгінде немере, шөберелерін қосқанда 154жаннан құралған үлкен әулеттің сүйеніші, өзегі болып отыр. 14 перзент сүйіп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған кейуана Павлодар облысына қарасты Аққулы ауданында тұрады. Айта кетер жай,  2019 жылы дүниеге келген шөбересінің есімін ырымдап, ел Президентінің құрметіне Қасым-Жомарт қойған екен.

Бүгін Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген ел Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық штаб мүшелері Танай Найманбайқызының шаңырағында болып, әженің батасын алды.

Ғасырға жуық жасаған әже — талай тарихи кезеңдердің куәсі.

«Елдің тыныштығына жетер қазына жоқ. Бүгінгі жас ұрпақ соны түсінуі керек. Мен ата жұртын аңсап келген көп қазақтың бірімін. Аллаға шүкір, ұрпағым тәуелсіз Қазақ елінде өсіп, өркендеп келеді. Ендігі арманым, осы бейбіт өмірдің баяндылығы, ұрпақтың амандығы»,  — дейді Танай әже.

Тоқсанға келсе де топтан қалмай,  сабақты инесін қолынан тастамайтын кейуана әлі де газет оқып, елдегі жаңалыққа құлағы түрік жүреді. Әже ел үшін маңызды кезеңдерде халықты жұдырықтай жұмылып, ауызбірлікте болуға шақырады.

«Бетеге кетіп, бел қалар. Бектер кетіп, ел қалар. Берекең кетсе нең қалар!?».   Біз мемлекетіміз үшін маңызды шақтарда жұдырықтай жұмылып, ауызбірлікте болуымыз керек. Қазаққа қазақтан басқа ешкімнің жаны ашымайды. Берекеге бекем болыңдар»,  — деп батасын берді  Танай Найманбайқызы.

Пікірлер