НҰРГЕЛДІ ӘБДІҒАНИ: Байбек бастап кеткен "бассыздық" әлі жалғасып жатыр...

8344
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы «Рахат» базарының айналасындағы дау әлі басылмай тұр. Базар кәсіпкерлері 7 ай бойына жарықсыз отыр. Амалдың жоқтығынан жұмылып генератор қосқан азаматтар осы уақытқа дейін 12 миллион теңге шығын көрген.

Заңгер Бақытжан Базарбек пен «Рахат» базары қарайтын «ТКМ» ЖШС-нің өкілі, заңгер Жамиля Туленова «Алматы қаласы әкімдігі заңды белшесінен басып, сот шығарған шешімді орындамай отыр», - дейді. Бақытжан Базарбек осыған байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу жолдапты.

«Рахат» базарының кәсіпкерлері Жетісу ауданы әкімі тарапынан «қонақ-лоқы» көріп жатқанын хабарлап, БАҚ-қа шыққан. Кәсіпкерлердің айтуынша, әкім кәсіпкерлерге келіп: «1 айда жерді босатпасаңдар, бульдозер әкеліп, бұзып тастаймын», - деген. Тіпті, базар орналасқан жердің электр жарығы да өшірілген. Содан бері саудагерлер жарықсыз қалған. Базар заңгерлері Байбекті сотта жеңіп, өздерінің құжаттық жағынан заң бұзбағандарын дәлелдесе де, бассыздықтардың тоқтар түрі жоқ.

Базардағы жұрт қарапайым халық. Күн сайынды саудадан тапқан табысымен отбасын асырап отырған жұрт. Жергілікті басшы-қосшының бассыз әрекеті ертең сайлау күні халықты сайлауға емес, митингке итермелемесіне әкім де, басқасы да кепіл бола алмайды. Жарығыңды сөндіріп, суыңды қиын, туалетіңді бітеп тастаса қалай өмір сүресің? Қайдағы сайлау?...

Нұргелді ӘБДІҒАНИ

Пікірлер