Назарбаев президент сайлауында дауыс берді

4272
Adyrna.kz Telegram

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР президенттігіне сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол «Астана Опера» театрындағы №393 учаскеге келді.

«Әрине, тәуелсіздігіміз бар, мемлекет құрылды, менің жетекшілігіммен елорда салынды, бірақ әлі де атқарылатын жұмыстар көп. Ол үшін бір президенттің төңірегінде жұмыс істейтін халықтың бірлігі қажет. Бұл қазақ халқының, Қазақстан халқының болашағы үшін өте маңызды. Мұны халқымыз түсінеді деп сенемін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін, 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Республика бойынша барлығы 10 101 сайлау учаскесі бар. Қазақстанның шетелдегі мекемелерінде 53 шет мемлекетте 68 учаскелік комиссия құрылды.

Сайлау құқығына ие азаматтардың тізіміне барлығы 11 950 485 адам енгізілген.

Пікірлер