Жезқазғанда 92 жастағы қария сайлау учаскесіне келіп дауыс берді

4072
Adyrna.kz Telegram

Жезқазған  қаласы, Кеңгір селосындағы №237 учаскесінде 92 жастағы Ордубаев Егімбай атты қария келіп, кезектен тыс Президенттік сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Бүгінгі сайлауға қатысып, дауыс бергеніме қуаныштымын. Еліміздің болашағына үлкен сеніммен қараймын. Жастарымызға «тек алға» дегім келеді. Қазақстанымыз гүлдене берсін»-деп, өз батасын берді Егімбай ата.

Қалалық сайлау комиссиясының айтуынша, Жезқазған қаласында ҚР Президенттік сайлауында қариялар белсенді дауыс беруде.

Пікірлер