Ресей әскері Херсондағы қоқыс орнында мәйіт өртеді

3374
Adyrna.kz Telegram

Ресей басқыншылары Херсон маңындағы қоқыс орнында мәйіттерді өртеген. Бұл жайлы жергілікті тұрғындардың мәлімдемесіне сүйене отырып "The Guardian" басылымы хабарлады, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ағылшын тілді "The Guardian" басылымы шетін жағдайды зерттеді. Басқыншылар соғыста қаза тапқан майдандастарының мәйітін қоқысқа тастап, оны өртеген.

Басылым журналисіне пікір білдірген азаматтардың айтуынша, қара, ірі қаптарға салынған түсініксіз "қоқыстар" үлкен жүк көлігімен жеткізіліп, бірден өртелетін болған. Өрт себебінен үйітілгенде шығатын өткір иіс ауаны жарып, күйген шаштың исі маңайға тараған.

Сонымен қатар, тұрғындар басқыншылардың қоқыс төгетін шағында жолды бөгеп, жергіліктілердің ешбірін қоқыс алаңына жақындатпағанын айтады.

"Адырна"  ұлттық порталы

 

Пікірлер