Барлық мемлекеттік қызметшіден өз жұмысын адал атқаруды талап етемін - Тоқаев

2576
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Онда Президент ел мүддесі үшін аянбай қызмет ету керегін баса айта кетті.

“Қолынан іс келетін және елге беріле қызмет жасайтын азаматтарға ғана ортамызда орын бар. Оларға қолдау көрсетеміз, ал қоғам құрмет білдіреді. Халқымыздың нақыл сөзін сәл түрлендіріп айтсақ: «Байлық пен мансап – қолға ұстаған мұз, ериді де кетеді. Ал, елге жасаған қызмет – артта қалған із, ол ұрпақтан ұрпаққа жетеді». Осыны әр азамат түсінуі керек.

Ел мүддесі – бәрінен биік. Мен барлық мемлекеттік қызметшіден өз жұмысын адал атқаруды талап етемін»,-деді Тоқаев.

Пікірлер