"Назарбаевшылдардың қолтығына Путин су бүркеп отыр" - ресейлік қоғам қайраткері Леонид Борисович

2947
Adyrna.kz Telegram

Ресей-Израиль кәсіпкері, қоғам қайраткері Леонид Борисович Астанадағы көтеріліске қатысты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді. Ресейге белгілі қоғам қайраткері Астанадағы оқиғаны Путин мен Назарбаевтың ортақ әрекеті деп санайды, деп жазды автор. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлады. 

-  Путин Тоқаевтың еркін, тәуелсіз ұстанымын жақтырмайды, қаламайды. Сондықтан, міне, тіпті "Ресейдің бесінші бағанын" (пятую колонну России) Қазақ елінде сынап көруді шешті. Тоқаевпен ойнамасын! Өзіне айлакер әрі ақылды жау тапты. Путин тіптен топастанып барады. Астанада наразылықтар басталды. Астана тұрғындары Қазақстан Президенті Тоқаевқа наразылық білдіруде, - деп жазды Леонид Борисович.

Сөз реті келгенде айта кетейік, бүгін Астанада белгісіз топтың шеруі өтті. Басты күдікті ретінде қазақстандық жас кәсіпкер Марат Әбиев құрықталды. Әзірге қандай да бір ресми мәлімдемелер жоқ.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер